Қырық жастағы шетел азаматы есірткі сатқаны үшін түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүріп сыбайластарының көмегімен Алматы облысы аумағында ірі мөлшерде есірткі сатуды көздеген, деп облыстық сот сайтындағы хабарламада мәлімделген.
Тергеу шаралары барысында анықталғандай, сотты болған азамат түзету колониясында әйелімен телефон арқылы үнемі сөйлесіп, оның әрекетін бақылап, үйлестіріп отырған.
Қылмыскерлерді әшкерелеу үшін жедел уәкілдер есірткі сатушылармен сатып алушы ретінде байланысып, бір келі есірткіні көлікке айырбастап, 1 млн теңге ақша алған.
Есірткі сатушының азаматтық некедегі әйелі 1,2 кг героинді ақшаға айырбас ретінде беру кезінде ұсталды.
Осы қылмысы үшін әйел мүлкін тәркілеумен жалпы режімді колонияға 10 жылға бас бостандығынан айырылды.