Астанада қос аққу жылы жаққа ұша алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қос аққу жылы жаққа  ұша алмай жүр

Астанада қос аққу жылы жаққа ұша алмай жүр

Астанада үйірінен адасқан қос аққу ұша алмай жүр. Басқалары тамыздың аяғында жылы жаққа кетіп үлгерсе, бұл екеуі шалшық суды сағалауға мәжбүр.

  • 16 Қазан 2014
  • 229
Фото - Caravan.kz

Есілдің сол жағалауындағы шалшық суда қос аққудың жүргеніне бір айдан асқан. Үркитіні соншалық, маңайына ешкімді жуытпайды. Дабыл қаққан тұрғындардың айтуынша, құстар жаралы секілді. Әрі жылы жаққа ұша алмай үйрінен адасып қалғанға ұқсайды. Су астындағы шөп-шаланнан басқа, азық таба алмағаннан қалжырай да бастаған. Халқымыз киелі санайтын құс төресінің өміріне алаңдағандар, Астанадағы ветеринарлық клиникалар мен оринтологтарға хабарласқан. Алайда ешбірі көмекке келмепті. Қызыл кітапқа енген қасиетті құстарға дер кезінде көмек көрсетілмесе, қара суықта үсіп өлуі мүмкін.


Светлана Пилюк, орнитолог:

-Егер жаралы болса ұшып кетуі екіталай. Мүмкін қамыс арасында балапаны бар шығар. Соны ұшып үйретпейінше кете алмай отыруы  мүмкін.  Құстарды тамақтандыра беру керек. Қарны тоқ болса, қыстан аман шығады.