Елімізде кезекті радикалды топқа тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде кезекті  радикалды топқа тыйым салынды

Елімізде кезекті радикалды топқа тыйым салынды

Бұл жолы қара тізімге іліккен «Ат-такфир уаль-хиджра" ұйымы. Астана соты халықаралық ұйымды экстремистік деп танып, мүшелері аса қауіпті деген шешім шығарды. Енді оның уағызшылары Қазақстанда үгіт-насихат жасамақ түгілі емін-еркін жүріп-тұра алмайды.

  • 16 Қазан 2014
  • 273
Фото - Caravan.kz


«Ат-такфир уаль-хиджраның» ТМД елдеріне тарағанына 5-6 жыл болған. Діни ұйымға бұған дейін Ресей, Қырғызстан, Түркия мен АҚШ тыйым салғанын айта кетейік. Өйткені, оның мүшелері осы елдерде ірі лаңкестік топ құрып бірнеше рет жойқын жарылыс жасамақ болған. «Ат-такфир уаль-хиджраның» жетекшілері әсіресе Ресейді «ата жауындай» көреді. Радикалды топ жарты ғасыр бұрын Мысырда құрылған екен. Олар өздерінен басқа мұсылмандарды құдайсыз күнәһарлар және адасқандар деп санайды. Әрекет ету әдісіне келсек, жасырын жұмыс істейді, шала сауаттылардың санасын улап, қатарына қосып алады. Сөйтіп, тұрғындарды өз отанына қарсы қастандық жасауға үгіттейді. Ұйымның мүшелері өзгелер сынды шолақ шалбар, қаба сақал қойып оқшауланбайды, барынша көзге түспеуге тырысады екен. Былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті елімізде жарылыс жасамақ болған 9 лаңкестік топтың жолын кескен. Осыдан соң Бас прокуратура асыра діншіл шетел азаматтарын елге кіргізбеуді заңмен бекіткен еді.