Мұндай қорқынышты сынақты Жанат «Тойbeststar» бағдарламасында бастан өткерді. Шоуды ұйымдастырушылар оның мойнына мұздай жыланды іліп қана қоймай, үстіне су шашып ыстық фенмен де жан-жақтан бетін күйдірді. Өткір де өзекті жаңалықтарды күнделікті айтып үйренген тележүргізушінің жанұшырар кедергілерден қалай өткенін білгіңіз келсе, осы сенбі күні сағат тура түнгі 12-де басталатын «Тойbeststar» ойын-сауық бағдарламасын жіберіп алмаңыз. Одан бөлек әнші Нұржан Керменбаев тұңғыш рет өзінен 6 жас кіші келіншегі туралы айтып бермек. Ал «Азия» тобының әншісі Ербол бозкілемде қыздармен жұдырықтасатын болады.