Бір қызығы, Pavlok атты құрылғының иесі баптауларын өз ыңғайына қарай реттеп ала алады. Егер ол әдеттегідей темекі тартып, жеуге болмайтын тағамға қолын созса, білезіктен тоқ ұрады екен.
Джастус Ипен күнде кешкісін жұмыстан кейін сыра ішуге құмар болған. Мұның арты жақсылыққа әкелмесін түсінген ол осы әдетінен арылуға бел буып, аталмыш білезікті сатып алады. Джастус өз-өзіне берген уәдесін бұза қалса, білезік тоқпен ұрып, сазайын тартқызады екен.
— Қатарынан 5 күн бойы бокалымды сыраға толтырған бойда, тоққа соғылдым. Содан кейін сыраны алмайтын болып кеттім, — дейді ол.
Қолғабыс құралды ойлап тапқандардың айтуынша, білезік адамды тоқпен ұрған кезде, мидағы жаман әдетті қалыптастыратын нейрондар бір-бірінен ажырайды екен. Pavlok-тің пайдасы арта түсуі үшін өнертапқыштар дене жаттығуларын не болмаса медитация сияқты жақсы әдеттерге дағдылануға кеңес береді.