Ақтөбе облысында мал ұрлағандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында мал ұрлағандар ұсталды

Ақтөбе облысында мал ұрлағандар ұсталды

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақобда кентінде жеке қорадан ірі қараны қолды етпек болған 4 адамнан тұратын ұрылар тобы ұсталды.

  • 26 Қаңтар 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz


Сезіктілер  «Мазда» және «Лада Приора» маркілі көліктермен әрекет еткен.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарланды.  

Қаскөйлер ізін суытпақ болғанмен, ойлары іске аспады. Оларды ұстауға қылмыс орнында қалған іздер мен бірінің ұялы телефоны көмектесті. Ұсталғандардың Ақтөбе облысында тіркелген мал ұрлаудың 6 фактісіне қатысы бар екені дәлелденді.