43 градус аязда би кешін өткізді - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
43 градус аязда би кешін өткізді - ВИДЕО

43 градус аязда би кешін өткізді - ВИДЕО

 Якутияда әлемдегі ең «аязды би» кеші өтті.    Среднеколымск ауданындағы Среднеколымск қаласының 300 тұрғыны Гиннестің рекордттар кітабына ену үшін  43 градус аязға қарамастан Анкудинки жағалауына билеуге шықты, деп хабарлады YakutiaMedia.

  • 26 Қаңтар 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдың күзінде 51 жастағы кәсіпкер Афанасий Бубякин Гиннестің рекордттар кітабына өтініш қалдырып, ол қабылданған. Ол ең төменгі температурада көшеде би кешін ұйымдастыратынын айтқан.

Идея авторы Афанасий 70 жылдары жергілікті клубта диджей болған.

Жергілікті тұрғын Владислав Третьяковтың сөзіне қарағанда, рекорд орнату үшін би кешіне қатысушылар қақаған аязда 30 минут билеуі тиіс еді. Алайда оларға шара ұнап, оны тағы бір сағатқа созған.

Әлемдегі ең аязды би кешінің жасы ең үлкен  қатысушы 100 жастағы Мария Кокорина болды.