ҚазТрансОйл акционерлері биыл әр қағазына 120 теңге көлемінде дивиденд алады деп болжайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазТрансОйл акционерлері биыл әр қағазына 120 теңге көлемінде дивиденд алады деп болжайды

ҚазТрансОйл акционерлері биыл әр қағазына 120 теңге көлемінде дивиденд алады деп болжайды

«BCC Invest» сарапшылары ҚазТрансОйл акционерлері биыл әр қағазына 120 теңге көлемінде дивиденд алады деп болжайды - деп жазады halyk-ipo.kz сайты.

  • 26 Қаңтар 2015
  • 681
Фото - Caravan.kz

Брокерлік компания сайтында осы жылға арналған стратегия жарияланды. Құжатта сарапшылар бірнеше маңызды мәселені – теңге мен шетелдік валюта бағамдарын, мұнай бағасын, Қазақстандық қор биржа рейтингісін, және ең өтімді қазақстандық эмитенттер акцияларының арзандауын көтерген. Бағалардың құлдырауын сарапшылар орташа мерзімге қаржы салатын инвесторлар үшін «инвестициялық мүмкіндік» деп атайды, себебі бағаның бүгінгі деңгейі осы инвесторлар үшін акцияларды сатып алуға мүмкіндіктер береді, өйткені қазақстандық құнды қағаздардың көп бөлігі жоғары дивидендтер төлейді.

«Акция бағасы төмендеді, алайда болжамдық дивидендтер көлемі сол қалпында қалып отыр. Орташа есеппен қазіргі баға бойынша қазақстандық қағаздар бойынша дивидендтік кірістер 14 пен 19 пайыз аралығында (мәліметтер жарты жылдық көрсеткішпен есептелуде). Өткен жылмен салыстырғанда дивидендтік кіріс 30 пайыздан артқан. Орташа мерзімді кезеңде шыдамды инвестор акция бағасының өсімі мен дивидендтік төлемдер арқылы пайда табады», – делінген Стратегияда.


Дивиденды_КТО_каз

«BCC Invest» сарапшылары шетелдік компаниялармен салыстырғанда қазақстандық қағаздардың дивидендтік кірісі жоғары дейді. Мысал ретінде олар ҚазТрансОйл акцияларын келтіруде. Халықтық IPO алғашқы қатысушысы дивидендтік төлемдерде минималды коэффициентті белгіледі – таза кірістің 40%. Осылайша, өткен жылы эмитент дивидендтерді төлеуге таза кірісінің 66 пайызын бөлді, атап айтсақ акциясына 109 теңге.

«Биыл біз компания бір акцияға 109-120 теңге көлемінде дивиденд төлейді деп күтеміз», – дейді сарапшылар және ҚазТрансОйлдың дивидендтік төлемдер төлеу тарихын таблицамен көрсетуде.

Ескерту: Стратегияда «Халық IPO» екінші науқанының эмитенті жайлы айтылмайды, себебі KEGOC компаниясының акциялары KASE индексінің ресми тізіміне тек биылғы жылдың ақпанынан бастап қана енгізіледі.