Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялады, деп хабарланды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.
«26 қаңтарда Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасының 20-25, кейбір жерлерде 29-34 градусқа дейін төмендеуі күтіліп отыр. 26 қаңтар күні Қызылорда облысында түнде 17-22, кей жерлерде 25-30 градусқа дейін аяз болады», — делінген хабарламада.