Былтыр есепке алудан жасырылған 595 қылмыс анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр есепке алудан жасырылған 595 қылмыс анықталды

Былтыр есепке алудан жасырылған 595 қылмыс анықталды

 Тексерістер барысында 5258 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2014 жылы  атқарылған жұмыстарының қорытындысында хабарланған.

  • 26 Қаңтар 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz

Бақылау-қадағалау өкілеттігін жүзеге асыру барысында  құқықтық статистика органдары 3491 тексеріс, 30 мыңнан аса салыстыру жүргізді, олар бойынша 356 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, олардың негізінде 5258 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды,

«Есепке алудан жасырылған 595 қылмыс анықталып, олар бойынша 437 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 16-сы сотқа жіберілді», — делінген комитет хабарламасында.