Астаналық жастарды жұмыспен қамту мәселесі өзге де маңызды міндеттермен қатар шешілуі тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық жастарды жұмыспен қамту мәселесі өзге де маңызды міндеттермен қатар шешілуі тиіс

Астаналық жастарды жұмыспен қамту мәселесі өзге де маңызды міндеттермен қатар шешілуі тиіс

Бүгін Астана әкімдігінде елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. 
Кеңесте алдымен коммуналдық қызмет көрсету, қала басқарамаларының тұрғындардың шағымдарына орай жедел әрекет ету мәселелері қаралды, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

  • 26 Қаңтар 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz


Әкім «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарларына келіп түсетін сауалдар оның жеке бақылауында екенін тағы еске салды. Мәселен, қоғамдық көліктерге қатысты мәселелер өзектілігін жояр емес. Әділбек Жақсыбеков жаңа автобустардың алынуы мәселені түбегейлі шешпейтінін атап кетті. Бастысы — адами фактор, яғни автобус жүргізушілері мен кондукторлардың жолаушылармен дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуы.

Астана әкімі қалалық қызметтер елордалық мәдениет үлгісін әр салада қалыптастыруға міндетті екеніне ерекше назар аударды.

Елорда әкімі Астананың жас тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесін кеңестің бас тақырыбы ретінде бекітті. Статистика бойынша, қалалықтардың 29%-ын жастар құрайды. Тиісінше, осы санаттағы астаналықтардың проблемалары екінші кезекте қалмауы тиіс. Ресми мәліметтерге сәйкес, әзірге жастар арасында жұмыспен қамтылу көрсеткіші төмен деңгейде.

— Белсенді жастар өте аз. Қала жастары ұсынған жобалардың жүзеге асқандары көрінбейді. Бұл бағыттағы жұмыстардың дені республикалық бағдарламалар аясында ғана іске асырылады және жылдан-жылға қайталана береді, — деді қала басшысы.

Жастарды қала өміріне тарта отырып, серпілту үшін әлеуетті жобалардың және мақсаттардың жетімсіздігіне тоқталған Ә.Жақсыбеков: «Шынын айтсақ, Астанада бұл мәселемен айналысып жүрген ешкім жоқ секілді», деп күйінішін білдірді.

Осы орайда елорда әкімі жастардың өздерін де қаланы дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды.
2740391