Мұнай бағасы арзандай түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасы арзандай түсуде

Мұнай бағасы арзандай түсуде

Дүйсенбідегі сауда-саттық барысынан мұнайға әлемдік баға әлі де төмендеп жатқанын байқауға болады, бұған Сауд Арабиясының жаңа басшысы Салман ибн Әбдел-Әзиз Әл Саудтың  «қара алтын»   өндірісін бұрынғы деңгейде ұстап тұру  шешімі  себеп болуда, деп хабарлады РИА Новости.

  • 26 Қаңтар 2015
  • 308
Фото - Caravan.kz

Мәскеу  уақыты бойынша 7.07-дегі жағдай бойынша солтүстіктеңіздік Brent қоспасына наурыз айындағы фьючерстер  құны О,95 пайызға дейін төмендеп, барреліне 48,33 долларды құрады. WTI маркалы жеңіл мұнайына наурыз айындағы фьючерстер  құны 1,13 пайызға төмендеп, барреліне 45,08 долларды құрады.

Саудтың алтыншы королі Абдалла өткен аптада 91 жасында дүниеден озып, оның орнын   інісі Салман басты, ол бұрынғы басшының жүргізген саясатын одан әрі жалғастыратынын мәлімдеген. Мұның аясында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілген болатын, алайда кейінірек  инвесторлардың қауіптенуіне әкелген  нарықтағы «қара алтынның» шектен тыс молаюы   бағаның одан әрі құлдырауына себеп болды.

«2008 жылғы қаржы дағдарысы кезеңіндегі мөлшерден де асып түскен   қордың жиналу жылдамдығын төмендету үшін алдымен мұнай өндірісін баяулату қажет. Сауд Арабиясының нарығы өткен аптада бұған зорға ден қойғанына қарамастан,  шешім өзгеріссіз қалды. Себебі  король Салман бұл  пікірінен айнымай отыр», — деп мәлімдеді Блумберг агенттігіне Samsung Futures Inc талдаушысы Хон Сун Ки.

ОПЕК-тің ірі өндіруші елі Сауд Арабиясы мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі аясында мұнай өндіруді қолдауды ұйымдастыру стратегиясын ұстанады, осылайша нарықтағы өз үлесін сақтағысы келеді. Венесуэла сияқты шағын өндіруші елдер, керісінше, шаралар қабылдауға, «қара алтынның» құнын ұстап тұруға үндеуде.