Көкшетауда бөкендерді жаппай қырған браконьерлер тобы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда бөкендерді жаппай қырған браконьерлер тобы сотталды

Көкшетауда бөкендерді жаппай қырған браконьерлер тобы сотталды

Көкшетау соты Қызыл кітапқа енген жануарларды жойғаны бір топ браконьерге  сот үкімін шығарды.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz


Атбасар ауданының төрт тұрғыны, оның ішінде аудандық табиғат қорғау полициясының қызметкері екі жүз бөкенді заңсыз атқаны үшін кінәлі деп танылды, деп сот залынан «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі мәлімдеді.
Сот үкімімен полиция қызметкері төрт жылға бас бостандығынан айырылды, оның үш сыбайласы үш жарым жылға сотталды.
Сонымен қатар, прокуратура мүйіз сатып алушыларға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Мүйізі үшін бөкендерді заңсыз атып алу салдарынан келтірілген шығын мөлшері 30 млн теңгеден астамды құрайды.