Алдағы уақытта мұнда тағы да осындай 9 аялдама қойылуы тиіс. Әрқайсысының құны шамамен 9 миллион теңге. Бұл – ресейлік ғалымдардың ойлап тапқаны. Аялдамалар ғаламтормен, бақылау камерасымен жабдықталған. Сондай-ақ, жолаушылар өздері күтіп тұрған автобустың қай көшемен келе жатқанын да бақылай алады. Қазір теріскейді қатты аяз қыспаққа алғанда, аялдамалар халық игілігіне жарап жатыр. Алайда бұл жаңалықтан жұрт хабарсыз болса керек. Аялдама ішінде отырған күзетші жұртты ішке шақырып әлек.