Грекияда оппозициялық партия жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекияда оппозициялық партия жеңіске жетті

Грекияда оппозициялық партия жеңіске жетті

Грекия үнемшілдік режиміне қарсы дауыс берді. Яғни парламент сайлауында оппозициялық «СИРИЗА» партиясы жеңіске жетті. Енді оның жақтастары осы жетістікті тойлап жатыр.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 222
Фото - Caravan.kz

Көшеге шыққандардың әрқайсысы үшін бұл жәй жеңіс емес. Енді олар көп нәрседен үміттене алады. Бұрынғы билік халықты Еуроодақтан алған несие үшін үнемдеуге мәжбүрлеген еді. Ал «СИРИЗА-ның» басшысы Алексис Ципрас ондай жүйенің көзін жоятынын мәлімдеген. Оның жеңіске жетуіне осы уәдесі себеп болған сияқты. Бірақ бұл қуаныш Брюссельдің бас ауруына айналуы мүмкін. Себебі «СИРИЗА» Еуроодақ құрамындағы елдердің қойған талаптарына қарсы шықты. Ол Грекия сыртқы қарыздан толығымен құтыла алмайды, сондықтан оны сызып тастау қажет деді. Жеңіске жеткен партия жетекшісі енді премьер-министрдің орнына отырады.

Алексис Ципрас, «СИРИЗА» партиясының жетекшісі:

-Грекия халқы жасаған таңдау үнемдеу маусымының аяқталғанын көрсетті. Тек кедейлік пен бақытсыздық әкелген несие берушілермен жұрт келісім-шартты бұзды. Енді бізде олардың талаптары мен шектеулеріне орын жоқ.