Тек соңғы бір тәуліктің өзінде мұнда 4 бейбіт тұрғын опат болған. Жараланғандар ондап саналады. Ресми мәліметке қарағанда, сепаратистер Донецк маңындағы елді-мекендерге жаппай шабуылдап жатыр. Көбіне Украина әскері тойтарыс берген. Осы ушыққан жағдайға байланысты президент Петр Порошенко келіссөздерді енді жаңа форматта өткізуді ұсынып отыр. Яғни, келіссөзге Ресей, Украина, Франция мен Германиядан бөлек АҚШ-тың да қатысуы керектігін алға тартты. Өйткені арағайындыққа Вашингтон араласпаса тараптардың бір тоқтамға келер түрі жоқ. Айта кетсек, ресми Астана Украинаға қатысты кез-келген форматтағы келіссөзге қолдау білдіріп отыр.