Назарбаев дүбірлі тойлардан тағылым алуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев дүбірлі тойлардан тағылым алуға шақырды

Назарбаев дүбірлі тойлардан тағылым алуға шақырды

Назарбаевқа дүбірлі тойлардың қалай өтетіні туралы айтылды. Бүгін мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова президентке ұлан-асыр ғасырлық тойға елдің қалай дайындалып жатқаны туралы есеп берді.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz

Биыл шынымен елеулі даталар көп. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Нұрсұлтан Назарбаев осы айтулы мерекелерге жауапты мемлекеттік хатшыға, құр той тойлап қана қоймай, одан тағылым алу жағын көбірек ойластыруға пәрмен берді.Сонымен қатар бұл мерекелердің шалғайдағы ауылдарға дейін атап өтілуін тапсырды.