Елордалық ардагерлерге парадқа арналған костюмдер берілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық ардагерлерге парадқа арналған костюмдер берілуде

Елордалық ардагерлерге парадқа арналған костюмдер берілуде

Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында іс-шаралар жоспары бекітілді. 

  • 8 Сәуiр 2015
  • 258
Фото - Caravan.kz


Оған сәйкес соғыс ардагерлерін бірыңғай киіммен қамтамасыз ету қарастырылған, деп хабарлайды astana.kz.
Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, бірыңғай киім жиынтығы сұр түсті костюм, юбка, сұр түсті пальто немесе плащ, галстук пен көгілдір берет, ақ жейде мен қара аяқ киімнен тұрады.
Басқармадағылардың айтуынша, 4 сәуірден бірыңғай форма ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне таратыла бастады. Қазіргі кезде Астанада 41 ардагер парадқа арналған костюммен қамтамасыз етілді