Алматыда көші-қон заңын бұзған 2 мыңнан астам шетелдік жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көші-қон заңын бұзған 2 мыңнан астам шетелдік жауапқа тартылды

Алматыда көші-қон заңын бұзған 2 мыңнан астам шетелдік жауапқа тартылды

Алматыда биылғы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында көші-қон заңын бұзған 2 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 384
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Оның айтуынша, заңды белден басқандардың ішінде 1859 жақын шетелдердің азаматтары, 179 алыс шетел тұрғындары бар. Заң бұзу фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалып, 33 млн 749 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, әкімшілік соттың шешімі бойынша жыл басынан бері 343 шетел азаматы әкімшілік тұтқынға алынып, өрескел заң бұзушылық жасаған 190 мигрант Қазақстан аумағынан шығарылды.