– Сіздерден пара сұраған жағдайда мына 10 мың теңгені ұсыныңыз. Пара алмаймыз және пара бермейміз деп. Пара алған адам да, пара берген адам да қылмыскер болып табылады.
Қаржы полицейлерінің ақша таратып жүргенін көрген тұрғындар түсіне алмай дал. Ал жалған ақшаның көлемі мен түсін кәдімгі 10 мың теңгеліктен айыра алмайсыз. Парақорларлықпен күресетіндердің айтуынша, оңтүстікте он мың теңгелік параға ең ыңғайлы купюра екен. Кез-келген мемлекеттік мемемеде шаруа тындыру үшін 5 мың теңгеден жоғары сома ұсыну қажет. Енді жалған ақша таратқан қызметкерлер пара сұраған жағдайда осы көкқағазды беруді сұрайды.
Гүлжан Мұсабекова, ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бөлім бастығы:
-Ең майда жұмыстардың ішінде берілетініі 10 мың. Майда жұмыстарға берілетіні 10мың. Егер біз 3 мың, 5 мыңмен шектеліп қойсақ қазір 10 мың алмай біздің жұмысымыз шешілмейді дейді.