Коммунист Сыздықов энергетиктерге марксизм ілімін үйретпек - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммунист Сыздықов энергетиктерге марксизм ілімін үйретпек

Коммунист Сыздықов энергетиктерге марксизм ілімін үйретпек

Ал ел Президенттігіне келесі үміткер Тұрғын Сыздықов павлодарлық энергетиктерді марксизм ілімін үйренуге шақырды. Коммунистік партия атынан ұсынылған кандидат бүгін Екібастұздағы қалалық электр жүйесі мекемесінің қызметкерлерімен жолыққан болатын.

  • 9 Сәуiр 2015
  • 153
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Сыздықов сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кандидат әсіресе, «батыс мәдениетінің ықпалына» ден қойған. «Зорлық-зомбылықты насихаттайтын шет елдің фильмдері мен жылдам әзірленетін тағамдардан бас тартуымыз қажет»-дейді, үміткер. Айтуынша, батыс елдерінен енген бұлар қазақ қоғамының жауы. Ал, елді жарқын болашаққа жетелеу үшін маркістік лениндік ілімге сүйену керек екен.

Тұрғын Сыздықов,
ҚР Президенттігіне үміткер:

-Біздер, коммунистер үшін марксизм – қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамда қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым. Диалектикалық материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарих дәлелдеп отыр.