Арқада жем-шөп жетпей жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арқада жем-шөп жетпей жатыр

Арқада жем-шөп жетпей жатыр

Орталық Қазақстан өңірінің жұртшылығы мал азығынан тарлық көріп жатыр. Оған қыс аяғының созылып кетіп, малдың өріске шыға алмай қорада тұруы себеп. Салдарынан Қарағандының өзінде жем-шөптің бағасы шарықтап кеткен. Енді тұрғындар шалғайдағы шаруа қожалықтарын жағалап, қыстан артылған жем шөптеріне ортақтасуға мәжбүр. 

  • 9 Сәуiр 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

Мынау – Осакаров ауданындағы «Еңбек» шаруа қожалағының шөп соқтайтын қоймасы. Мұндағы жанталас соңғы 10-15 күн бойы бір толастаған емес. Батпаққа белшеден батып жүрсе де, кезекті ұстамай шөпті тездеп тиеп әкету жазылмаған заң сияқты.   

-Мынау ораманың салмағы шамамен 200 келі болады екен. Бұл қорада қамалып, өріске шыға алмай тұрған 3-4 ірі қараның 2-3 күндік азығы. Сондықтан мұнда соңғы 2 аптаның ішінде мың тоннадан артық шөп сатылып кеткен. Жұмыстар қазір де қызу жүріп жатыр. Ал ұзын сонар кезекте тұрғандардың да қарасы қалың.

Туысжан Қайырбеков, Қарағанды облысының тұрғыны:

-50 көлікке дейін кезекте тұрамыз. Кейде кезек жетпей жатады. Кейде кезексіз кіріп кететіндермен жағаласамыз. Амал жоқ күтеміз, өйткені малға азық керек. Барымыз сол мал болған соң көнеміз.    

Олег Бесплемянный жетекшілік ететін шаруа қожалығы қоймаға шөпті алғаш рет жинаған. Өйткені тек егіншілікпен айналысқан қожалыққа енді шетелден асыл тұқымды сиырлар әкелу жоспарланған екен. Шөпті де сол шаруаға қамдану барысында өз жерлерінен шауып жинапты. 

Олег Бесплемянный, шаруа қожалығының директоры:

-Тұра берсе де болар еді. Бірақ елдің жағдайын көріп, сұраушылар көп болғасын сатып жатырмын. Сиырларымыз биыл келмейді. Сондықтан күзге қарай тағы орып жинап аламыз деп ойлаймын.

Қарағанды облысында шөпті арзан бағамен сатып алатын жалғыз орын осы болып тұр. Ал бұл жерге жете алмағандардың бағаны шарықтатып қойған алыпсатарларға жем болып жатқан жайлары бар.