Үндістаннан әкелінген бұл дәріге мамырдың төртіне дейін уақытша шектеу қойылған. Тіпті ата-аналар екпені мүлдем тоқтатуды талап еткен болатын. Алайда, олардың жанайқайы елеусіз қалатын түрі бар. Оның үстіне сараптаманың ешқандай шикілік таба алмағанын ескерсек, енді препаратты егу қайта жалғасуы әбден мүмкін. Ал үнділік вакцинадан соң есінен танған әсіресе Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік пен Солтүстіктегі жүздеген оқушының көбі әлі ем алып жатыр. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі балалардың шетінен сұлауын екпемен байланыстырып отырған жоқ. Ал вакцинациядан соң бас айналу, жасөспірімдердің өзін әлсіз сезінуі қалыпты жағдай дейді мамандар.