Алматы облысында полиция қызметкері батып бара жатқан баланы құтқарып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында полиция қызметкері батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Алматы облысында полиция қызметкері батып бара жатқан баланы құтқарып қалды

Алматы облысы ІІД арнайыландырылған қауіпсіздік қызметі басқармасының қызметкері,

  • 9 Сәуiр 2015
  • 355
Фото - Caravan.kz

старшина Санат Байсұлтанов Текелі қаласында Шажа өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. 

Текелі аудандық ІІБ басшысы Асқар Шайхиннің айтуынша, полицей баланы көргенде еш ойланбастан, үстіндегі қалың киімдерін шешіп, мұздай суға секірген. 

«Бала тұншығып, біраз су жұтып қойған, су суық болғандықтан үсіп қалғандай көрінді», — дейді құтқарушының өзі Санат Байсұлтанов.

Жағаға алып шыққан соң полицей балаға өкпесіне ауа жіберіп, есін жыйғызады. Жедел жәрдем шақыртып, дәрігерлер баланы алып кетті.


Аман қалған 6 жастағы Дарын Қожахмет қазіргі уақытта жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Қатты шошынып қалған. Баланың әке-шешесі полиция қызметкеріне зор алғыстарын айтты.

null null null null