Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Хаттаманың негізгі мақсаты екі елдің өткізу пункттеріне Мақтаарал стансасын енгізу болып табылады. Осының арқасында қазақстандық жүктерді Шардара су қоймасы аумағынан Өзбекстанның транзиттік теміржол учаскесін пайдалана отырып, өткізіп шығару қарастырылады.
Айта кетерлігі, бұған дейін Мақтаарал стансасы бекітілген тізбеде болмағандықтан, Өзбекстан тарапы осы бағыттағы Қазақстанның пойыздарын өткізбей келген. Енді бұл мәселе екі ел арасындағы хаттама арқылы толығымен шешімін таппақ.
Айта кетерлігі, хаттамада сондай-ақ Кеден одағының стандарттарына сәйкес келмейтін автомобильдер өткізу пункттерінің санын 10-нан 6-ға дейін қысқарту көзделеді.