Қарағанды облысында жолды су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жолды су басты

Қарағанды облысында жолды су басты

Қарағанды облысында «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» жолының учаскесі еріген қар суының астында қалды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалынан.

  • 9 Сәуiр 2015
  • 267
Фото - Caravan.kz


«Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» тас жолында, 753-906 шақырымы, Атасу кентінен Топар кентіне дейінгі учаскеде 8 сәуір күні сағат 21.45-тен бастап көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жол еріген қар суының астында қалды, ені — 25-30 метр, тереңдігі шамамен 40 см шалшық пайда болды», — деді «Қазақавтожол» мекемесінде.
Кәсіпорын ақпаратынша, 9 сәуірде қозғалысқа қойылған шектеу жалғасады. Бұл жерде шалшықты жою және жол төсемін нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 
Жол тәулік бойы бақылануда.