Тәртіп сақшылары болса, бүлдіршінді бірден ауруханаға апарған. Он күннен бері балалар ауруханасында жатқан балаға дәрігерлер бас-көз болып отыр. Ақхалаттылардың айтуынша, нәрестенің тәбеті жақсы, ұйқысы тыныш. Десе де, осы уақытқа дейін артынан ешкім іздеп келмепті. Тілі әлі шүлдірлеп тұрған бала да анасын іздемейді екен. Егер таяу күндері бүлдіршіннің жақындары табылмаса, кішкентай Данил балалар үйіне өткізілетін болады.
Айжан Рахматуллаева, №1 Шымкент қалалық балалар ауруханасының педиатры:
-Бала анасын іздеп жылап жатқан жоқ. Уақтылы тамағын ішіп жатыр. Уақтылы ойнайды. Уақтылы бала серуендеп келеді. Баланы балалар үйіне тапсыруға құжаттар дайындап жатырмыз.