Татарстанның жоғарғы соты есірткі үшін заңсыз сотталған қазақстандықты қамауда қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Татарстанның жоғарғы соты есірткі үшін заңсыз сотталған қазақстандықты қамауда қалдырды

Татарстанның жоғарғы соты есірткі үшін заңсыз сотталған қазақстандықты қамауда қалдырды

Татарстанның жоғарғы соты прокуратураның есірткі саудасы үшін заңсыз 10 жыл түрмеде отырған қазақстандыққа қатысты сот шешімінің күшін жою туралы өтінішін құптамады,

  • 10 Сәуiр 2015
  • 418
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады АИФ-Казань Қазан құқық қорғау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сымбат Оғановты ақтауды сұраған құқық қорғаушылар ТР Жоғарғы сотының шешіміне жоғары тұрған сот инстанциясына шағым жасамақ.

Еске сала кетейік, 2005 жылы Набережных Челнов қалалық соты Қазақстан азаматы Сымбат Оғановты контрабанда және есірткі саудасы қылмысына айыпты деп танып, 15 жылға бостандығынан айырды. Татарстанның жоғарғы соты жазаны 1,5 жылға жеңілдетті.


Іс материалдарына сәйкес, 2005 жылы Автоградта Оғанов өзінің сыбайласына 500 мың рубльге шамамен 10 кг гашиш берген. 
Полицейлер Оғанов есірткіні Қазақстаннан жеткізгенін айтқан.

Сотталған кінәсын мойындамай, түрлі инстанцияларға деректердің бұрмаланғанын айтып шағымданған.