Жасөспіріммен қосылып арақ ішкені үшін жазаға тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасөспіріммен қосылып арақ ішкені үшін жазаға тартылды

Жасөспіріммен қосылып арақ ішкені үшін жазаға тартылды

Ақмола облысында жасөспіріммен қосылып арақ ішкен ер адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Хабарламада «Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат П-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотпен, азамат П. азамат С-мен жасөспірім екенін біле тұра, алкогольдік ішімдікті ішіп, оны алкогольдік масаң күйге жеткізгені анықталды.


Сот қаулысымен азамат П. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 131-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, оған бір тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, деп көсетілген.