Knowledge Partners акн АҚШ елшілігі 27 мың сөзден тұратын қазақ-ағылшын онлайн-сөздігін шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Knowledge Partners акн АҚШ елшілігі 27 мың сөзден тұратын қазақ-ағылшын онлайн-сөздігін шығарды

Knowledge Partners акн АҚШ елшілігі 27 мың сөзден тұратын қазақ-ағылшын онлайн-сөздігін шығарды

Қазақстандағы АҚШ елшілігімен әріптесе отырып Knowledge Partners компаниясы 27 мыңнан астам сөзден тұратын қазақ-ағылшын онлайн-сөздігін шығарды. Бұл туралы республикадағы АҚШ елшілігінің қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдед

  • 10 Сәуiр 2015
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Бұл Интернетте тәулік бойы режімде жүктеп алуға және оқуға қолжетімді сандық тұғыр. Ол қазақстандықтарға ағылшын тілін тез меңгеріп, күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді. АҚШ елшілігі Knowledge Partners, LLP компаниясына сөздікті өз платформасында орналастырғаны үшін алғысын білдіреді», — деп АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің мәдениет және білім мәселесі жөніндегі кеңесшісі Алиша Вудвард мәлімдеді.


Knowledge Partnersк компаниясы www.knowledgepartners.kz веб-сайты арқылы бұл ресурсты тегін ұсынады.

Knowledge Partners – қазақстандық компания, ол Britannica Digital Learning / Қазақстан үшін Британ сандық оқыту және баспа өнімінің эксклюзивті әріптесі және агенті болып табылады.