Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі қамауға алынды

БҚО Сырым аудандық соты жол апатын жасап бірнеше адамның өліміне себепші болған автобус жүргізушісін қамауға санкция берді.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 341
Фото - Caravan.kz


Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол екі айға тұтқындалды.
Жүргізушінің үстінен жол ережесін бұзып, адам өліміне себеп болды деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Егер айыбы дəлелденсе ол он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Шымкенттен Ресейге кетіп бара жатқан автобус алтыншы сəуір күні таңертең Ақтөбе-Орал тас жолында Аңқаты өзені үстіндегі көпірде аударылған болатын.  Салондағы 64 жолаушының 23-і жарақат алды.  Оның екеуі ауыр халде жатыр.  Өзбекстанның төрт азаматы қайтыс болды.