"ҚазГазоБлок" компаниясы Теміртауда жылу блоктарын шығаратын зауыт салып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазГазоБлок" компаниясы Теміртауда жылу блоктарын шығаратын зауыт салып жатыр

"ҚазГазоБлок" компаниясы Теміртауда жылу блоктарын шығаратын зауыт салып жатыр

Теміртауда жылу блок шығаратын зауыт жобасы іске асырылуда.  Ол Астана мен Қарағанды құрылысшыларының ыңғайлы кірпішке деген сұранысын қанағаттандырады.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 608
Фото - Caravan.kz


"Жобаның жалпы құны — 983 миллион теңге. Оның 98 миллион теңгесі кəсіпорынның өз қаражаты болса, қалғаны несие есебінен алынады", — деп жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысында "ҚазГазоБлок" компаниясы өкілі мəлімдеді. Жиын Қарағанды облысы əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің жетекшілігімен өтті.
Кəсіпорын аймақтық индустриаландыру картасына енгізіледі. Биылғы қараша айында пайдалануға берілетін зауыт қытайлық Linyi Dongyue Imp&Exp Co Ltd фирмасының қондырғылармен жабдықталады.
Зауыт жылына 150 мың текше метр жылу блогын шығарады. Жобалық қуатына 2016 жылы жетуі  тиіс. Онда толығымен отандық өнімдер пайдаланылады. Өндіріс орны алты мың шаршы метр аумаққа орналасқан.
Компания өкілінің айтуынша, қазір "BI Group" компаниясымен жылына 130 мың текше метр,  "Элитстрой" компаниясымен жылына 100 мың текше метр блок сату туралы келісім бекітілген.
Өндірістік-тұрмыстық базаға электр қуаты беріліп, өндірістік бпзаның металл қаңқасы салынып бітті. Қондырғылар жылдың соңына қарай монтаждалады.
Облыс əкімі Н.Əбдібеков жобаның МИИДБ талаптарына толық жауап беретінін атап өтті жəне оны аймақтық индустриаландыру картасына енгізуді ұсынды.