ҚР Президентінің атап өтуінше, іс жүзінде әлемде мінсіз еркін нарықтық экономика жоқ. Дегенмен, әр мемлекет өзінің мүддесіне сай қолданатын нарықтық реттеуіш бар. Барлық дамыған елдер өз өнеркәсіптерін, ауыл шаруашылығы мен бизнесін тікелей дотациялар арқылы қолдап отырады. Олар шетелдік өнімдерге тосқауыл қояды.
«Өздеріңізде қараңыздаршы, қазіргі уақытта біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытында жұмыс істеудеміз. Өте қиын келіссөздер жүргізілуде. Бұл келіссөздерді әрбір мемлекетпен 10 жыл бойы жүргізіп келеміз. Олар ауыл шаруашылығына қолдауды төмендетіңіздер дейді. Бізде өнім көлеміне қолдау 4 пайызды құрамаса, Францияда 25, АҚШ және басқа да елдерде мұнан да жоғары. Қолдау көрсетпеу дегеніміз не? Бұл біздің ауыл шаруашылығымызды бәсекеге қабілетсіз ету. Егер, олар бізге осы тауарларды беретін болса, онда біздің ауылдарымыз тоқырайды», — деді Мемлекет басшысы.
Мәселен, ҚР Президентінің атап өтуінше, Жапонияның әлеуеті жарты әлемді өздерінің көліктерімен қамтамасыз етуге қабілетті. Алайда көптеген нарық Жапония үшін жабық. Аталған елдер өз нарықтарын қорғап отыр. Дамыған елдерде көліктерді әкелуге шектеу мен квота да бар.