«Ислам мемлекетінің» хакерлері 11 француздық телеарнаның эфирін үзіп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ислам мемлекетінің» хакерлері 11 француздық телеарнаның эфирін үзіп тастады

«Ислам мемлекетінің» хакерлері 11 француздық телеарнаның эфирін үзіп тастады

TV5Monde медиагруппасына кіретін 11 телеарнаның эфирі кибершабуылдың салдарынан үзіліп қалды. Бұл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» алған болатын.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

TV5Monde бас директоры Ив Бигоның айтуы бойынша, кибершабуыл 8 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша 22:00-де басталған. Хакерлер 11 телеарнаны эфирден шығарып тастап, олардың сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларына кіруге мүмкіндік алған.

AFP мәлімдеуінше, хакерлер сайттар мен әлеуметтік желідегі парақшаларға «Ислам мемлекетінің» жауынгерлеріне қарсы француз әскерінің суреттері мен жеке мәліметтерін салған.

Таңғы 5:00 шамасында бүкіл арнаға бір ғана эфирді шығара алдық. Қалғанын эфирге әлі шығара алмай жатырмыз», — деп хабарлады Биго. Бұл жағдайдың 14:00 ге дейін жалғасатынын ескертті. TV5Monde-нің бүкіл сайты қазіргі кезде уақытша жабық тұр.


Кибершабуылдың тигізген бүкіл зардабын жою бірнеше күнді алуы мүмкін, — деп хабарлайды, theformat.com.ua сайты.