Ислам Каримов ресми түрде Өзбекстан президенті атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Каримов ресми түрде Өзбекстан президенті атанды

Ислам Каримов ресми түрде Өзбекстан президенті атанды

Бүгін Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың салтанатты ұлықтау шарасы өтті. 

  • 10 Сәуiр 2015
  • 678
Фото - Caravan.kz


Парламенттің жоғарғы (сенат) және төменгі (заңнамалық) палаталарының бірлескен отырысына сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының және үкімет мүшелері, Конституциялық соттың судьялары, Ташкентте аккредиттелген дипломатиялық ведомстволардың басшылары қатысты. 
Өзбекстан президентінің куәлігін И.Каримовке ОСК төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов табыс етті. Одан соң қайта сайланған мемлекет басшысы ел Конституциясы мен Құранға бір мезетте қолын қойып, республиканың Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтайтынына, азаматтардың құқығы мен еркіндігіне кепілдік беретініне ант қабылдады, деп хабарлады «Интерфакс».
Өзбекстанда президенттік сайлау төртінші рет 29 наурызда өтті. Оған төрт кандидат қатысты: Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы ұсынған қазіргі президент Ислам Каримов, Хатамжон Кетмонов (Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясы, ӨХДП), Акмаль Саидов ("Миллий тикланиш" ("Ұлттық қайта өрлеу") ұлттық-демократиялық партиясы) және Наримон Умаров («Адолат» («Әділет») социалистік-демократиялық партиясы). 
Қазіргі президент Ислам Каримов 90,39 пайыз дауыс жиып жеңіске жетті. 2007 жылғы президенттік сайлауда Каримов үшін сайлаушылардың 88,1 пайызы дауыс берген.