Мәжіліс бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Бүгін Палата спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінен.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 453
Фото - Caravan.kz

Жоба бойынша мәжілісмендер назарына бірқатар заң жобаларын екінші оқылымда қарау ұсынылған. Онда ілеспелі түзетулермен «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» және «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасы бар.

Сондай-ақ осы күні халық қалаулылары сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын қарайды.


Мәжілісмендер Болгария және Румыниямен адамдарды ұстап беру туралы шарттарды, сондай-ақ Румыниямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ. Осы бағытта тағы да екі құжат, яғни «Төрелік туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобалары ілеспелі түзетулермен ұсынылуда.