Лондон маңынан көлемі 100 млрд баррельге дейін жететін мұнай қоры табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон маңынан көлемі 100 млрд баррельге дейін жететін мұнай қоры табылды

Лондон маңынан көлемі 100 млрд баррельге дейін жететін мұнай қоры табылды

Британиялық UK Oil & Gas Investments (UKOG) мұнай барлау компаниясы бейсенбі күні Англияның оңтүстігінде Солтүстік теңізде өндірілген барлық мұнайдан көлемі жағынан асып түсетін кен орнын ашқанын хабарлады.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 236
Фото - Caravan.kz


UKOG серіктесі геофизикалық сараптама жасайтын америкалық Nutech компаниясы лондондық Гэтвик әуежайының маңындағы Horse Hill-1 учаскесіндегі мұнайдың геологиялық қорын шаршы миліне шаққанда 158 млн баррельден (шаршы км 61 млн барр.) келеді деп бағалады, деп хабарлады РБК.
«Осыған қарағанда, бұл ауданда 50-ден 100 млрд баррельге дейін мұнай қоры бар дер болжап отырмыз», — деді Би-би-си-ге UKOG бас директоры Стивен Сэндерсон. Бұл соңғы 30 жылдағы Ұлыбритания құрылығындағы ірі мұнай кенінің анықталуы деуге болады. 
Horse Hill кені геологиялық жағынан АҚШ-тағы Баккен және Батыс Сібірдегі Баженовск қатпарлы тасты коллекторлармен ұқсас, делінген UKOG баспасөз хабарламасында. Америкалық баламаларымен салыстырғанда, мұнай өндіру коэффициенті 3%-тен 15%-ға дейін құрауы мүмкін.
«Мұндай жағдайда 2030 жылға қарай Ұлыбритания мұнайға деген сұранысының 10-30% өндіре алады», — деді Сэндерсон.