Н.Назарбаев мемлекеттік қызметке «өз кісісін» қабылдағандарға қарсы емес - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев мемлекеттік қызметке «өз кісісін» қабылдағандарға қарсы емес

Н.Назарбаев мемлекеттік қызметке «өз кісісін» қабылдағандарға қарсы емес

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметке достары мен туыстарын қабылдағандарға қарсы емес, бірақ шынымен де лайықтылар болуы тиіс дейді.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz


«Жасыратыны жоқ, біз мемлекеттік қызметке өз кісілерін, достарын, өз туыстары мен өзге тамыр-таныстарын міндетті түрде тартуды бұрыннан әдет етіп алдық. Бірақ шынымен лайықты болса, онда тұрған ештеңе жоқ», — деп президент бүгін Астанада жастар форумында атап көрсетті.
«Мәселен, Джордж Буштың үкіметін «джентельмендер үкіметі» деп атайтын, өйткені ол өзінің барлық досын министрлікке жұмысқа алған. Брежнев кезінде ол бұрын өзі жұмыс істеген Кишинев, Днепропетровскідегі достары болды», — дейді Н.Назарбаев.
«Онсыз болмайды ғой, біз адамбыз ғой, қасымызда сенімді адамдар болғанын қалаймыз. Бірақ! Бұл адамдар кәсіпқой болуы тиіс, қызмет етуі тиіс», — дейді мемлекет басшысы.
«Бұл кадрларды іріктеген кезде, заң конкурс бойынша лайықты, істі білетін адамдар таңдалатындай  болуы тиіс. Ол жаққа әдемі көзі үшін, не болмаса ұлттық белгілі бойынша емес, істі білетіндер алынуы тиіс», — дейді ол.
«Мемлекеттік қызметі адамға қызмет етеді. Жай милиция қызметкерін алайық. Милиционерді көргенде адамдар үрікпейтіндей, өзіне көмектесетін адам ретінде қабылдайтындай болуы тиіс. Сондай адамды тәрбиелеу керек!», — дейді ол.
"Милиционер – адамдардың бұзақылардын қорғайтын досы болуы керек. Ал бізде ше? Тоқтатады да, қолын жаяды», — дейді Н.Назарбаев.