Қазақстанның әскери кеме экипаждары Каспидегі теңіз биатлонына дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның әскери кеме экипаждары Каспидегі теңіз биатлонына дайындалуда

Қазақстанның әскери кеме экипаждары Каспидегі теңіз биатлонына дайындалуда

Қазақстанның "Қазақстан", "Орал" және "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кеме экипаждары, сондай-ақ теңіз жаяу әскер бригадасы "Каспий теңізі – 2015" теңіз биатлонына дайындалуда. Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 840
Фото - Caravan.kz


Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, су үсті әскери кеме капитандарына ерекше тапсырма жүктеледі. «Жеке құраммен жұмыста оларға әрбір әскери қызметкердің біліктілік дағдысын дамытып қана қоймай, ұжымды біртұтас тату командаға біріктіреді», — делінген хабарламада.
«Біздің әскери теңізшілер конкурстың күрделі сынынан лайықты өтіп, өз біліктіліктерін тағы дәлелдейтініне сенемін. Қазақстан Қрулы күштерінің Әскери теңіз күштері тек қызмет, жұмыс немесе қызмет түрі емес. Біздің әрқайсымыз үшін ол тағдыр және адам еншісі», — дейді «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кеме капитанының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, аға лейтенант В.Кочуров.
Конкурстың ауқымдылығын бағалай отырып, әскери теңізшілер күнделікті оқу-жаттығуларда өздерінің жаңа шеберлік шыңына жетіп, өздерінің жоғары біліктілігі мен төзімділігін көрсетеді.
"Каспий теңізі — 2015" конкурсы ресейлік тарап бастамасы бойынша ТМД елдері Қарулы күштерінің суүсті кеме экипаждары мен теңіз жаяу әскер бөлімшелері жеке құрамы арасында өткізілуде.
Конкурс биыл тамыз айында өтеді және үш кезеңнен тұрады.