"Армениядағы селолардың 80%-ның әзірбайжандық атаулары болған. Бұл біздің тарихи жеріміз, біз оларға міндетті түрде ораламыз. Бұл біздің стратегиялық мақсатымыз. Оған қол жеткізуге тырысамыз”, деді ол республиканың 2015 жылы 1-ші тоқсанда әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне арналған үкіметтің кеңейтілген отырысында жұмада.
"Бұрындары да бірнеше рет айтқан болатынмын, әсіресе біздің жас ұрпақ Арменияның тарихи әзірбайжан жерінде құрылғандығын естен шығармауға тиіс. Бүкіл топонимдердің аталуы әзірбайжанша. Ол үшін патшалық Ресейдің 20-шы ғасырдың басындағы картасын қараса жеткілікті. Ол жерден бірде-бір армяндық топоним таппайсыз», — деді ол.
"Біз Армениямен күресті жандандыруға тиіспіз, оларды бүкіл халықаралық жобалардан шеттеттік, олардың ресми статдеректеріне қарағанда, халықтың 30% кедейшілікте өмір сүріп отыр, бірақ реалды көрсеткіш 50-60%. Жыл сайын ол жерден 60-70 мың адам кетіп жатыр, біздің дерегімізше, 100 мың адам, демек, бірнеше жылдан соң тарихи әзірбайжан жерінде құрылған армян мемлекетінде армян халқы қалмайды”, — деді ол.