Астанада кәуабынан егеуқұйрық шыққан дәмхана иесі қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада кәуабынан  егеуқұйрық шыққан дәмхана иесі қашып кетті

Астанада кәуабынан егеуқұйрық шыққан дәмхана иесі қашып кетті

Астанада асын егеуқұйрық аралап жүрген дәмхана ақыры жабылып тынды. Кәуап пісіретін асхана қожайыны СЭС қызметкерлерін күтпей-ақ  есігіне қара құлып салып, өзі ұшты күйлі жоғалған.

  • 11 Сәуiр 2015
  • 183
Фото - Caravan.kz

Бұл таспаны Астана тұрғыны бірі ұялы телефонға түсіріп алған. Жол бойынан өтіп бара жатқандардың бірі ірі сауда орталығының жанында орналасқан дәмхананың кәуап тұрған сөресінде егеуқұйрықтың жүргенін байқап қалады. Сөйтіп, таспаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Видео СЭС пен прокуратураға да жетіпті. Құзырлы органдар оның иесін май шаммен іздеп жатыр.