Астанада алғашқы сайлау учаскелері ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада алғашқы сайлау учаскелері ашылды

Астанада алғашқы сайлау учаскелері ашылды

Бүгін Астанада алғашқы сайлау учаскелері ашылды. Енді тұрғындар тізім бойынша президент сайлауы күні қайда барып дауыс беретіндерін анықтай  алады.

  • 11 Сәуiр 2015
  • 161
Фото - Caravan.kz

Бүгін төрт  сайлау учаскесі жұмысын бастады.  Мұнда әзірге сайлаушылардың тізімі нақтылануда. Мәселен, нөмері 94-ші учаскеге  қазірдің өзінде 2 жарым мыңнан астам адам тіркеліпті. Егер тіркеу 25-ші сәуірге дейін жалғасатынын ескерсек, сайлаушылардың саны әлі талай артуы мүмкін. Айта кетейік, сайлау учаскелері таңғы 9-дан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, шетелдерде де 65 сайлау учаскесі ашылмақ. Яғни, сыртта жүрген азаматтар да дауыс бере алады. Ал, саяси дода күні Астананың өзінде 189 сайлау учаскесі жұмыс істейді.