Атырауда жаңадан салынған үйдің сылағы опырылып түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жаңадан салынған үйдің сылағы опырылып түсті

Атырауда жаңадан салынған үйдің сылағы опырылып түсті

Сапасыз үйде үреймен отыр. Атырауда 3 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген бес қабатты баспананың сылағы желге шыдамай ажырап қалды. Жанұшыра далаға қашқан жұрт енді өз үйіне кіруден қорқып, аулада түнейміз деп жатыр.

  • 11 Сәуiр 2015
  • 260
Фото - Caravan.kz

-Далада тұрамыз. Қалай кіресің?Құлаа  қалса астында қаламыз ғой

Оқиға таңға жуық болыпты. Шырт ұйқыдан шошып оянған тұрғындар сыртқа атып шыққан. Қорқып қалған жұрт енді сапасыз баспанадан көшудің амалын қарастырмақ. Ал төтенше жағдай мамандары ажырап қалған сылақты арнайы техникамен алып тастады. Дәл осы үйдң сыртқы қаптамасы бұған дейін де құлағанын айта кетейік. Кірпіші де шетінен үгітілген бұл баспана әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арнап бюджет қаржысына салынған екен. Өмір-бақи үй кезегін күткен жұрт кілтті зор қуанышпен алған еді. Енді сол қуаныштары су сепкендей басылып отыр. Десе де шенеуніктер бұл олқылықты орнына келтіреміз деп уәде берді.

Асылбек Мүліков, Атырау қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

— Жөнделеді міндетті түрде. Қарау керек, зерттеу керек неден болғанын, содан кейін айтылады ғой.