Алматы метросының кезекті қос бекеті ашылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросының кезекті қос бекеті ашылмақ

Алматы метросының кезекті қос бекеті ашылмақ

Алматы метросының кезекті қос бекеті бір аптадан кейін іске қосылады. «Сайран» және «Москва» бекеттерінің ашылу салтанаты 18 сәуірге белгіленген.

  • 11 Сәуiр 2015
  • 314
Фото - Caravan.kz

Негізі қос аялдама өткен жылы, желтоқсан айының басында ашылуы керек болған. Алайда құрылыс жұмыстары толық бітпей, тағы бірнеше айға созуға тура келді. Оның үстіне, пойыздарды ары-бері жүргізіп, жерасты жолының сапасы тексерілген. Қазір жаңа бекеттердегі сынақ жұмыстары толығымен тәмамдалып, тек іске қосу ғана қалып тұр. Абай даңғылының бойында орналасқан бұл екі бекет қала орталығын халық тығыз орналасқан аудандармен тікелей байланыстырады.