Үйлерін су шайып кеткен Ақтөбе мен Семей тұрғындары көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйлерін су шайып кеткен Ақтөбе мен Семей тұрғындары көмек сұрады

Үйлерін су шайып кеткен Ақтөбе мен Семей тұрғындары көмек сұрады

Түн ортасында көтерілген қызыл су Ақтөбе іргесіндегі саяжай тұрғындарын да ұйқыдан тұрғызды. Мұнда еріген қар суынан Жіңішке өзені арнасына асып жатыр.

  • 11 Сәуiр 2015
  • 362
Фото - Caravan.kz

Қызыл су үйлеріне лап қойғанда, саяжайда тұратындар не істерлерін білмей қалыпты. Құтқарушылар жиырмаға тарта отбасын қауіпсіз жерге шығарып, бір түнеп шығатын орын табуға көмектескен. Тұрғындар да, әкімдік те бұлай боларын күтпесе керек. Өйткені, су деңгейі көтеріле бастағанда тек бір көлікпен құм тасып арнаны бекітпек болған. Енді үйлерін су басқан ақтөбеліктер баспаналары кепкенше туыстарын жағалауға мәжбүр. Ал Семейде тізеден келер су оннан астам ауланы басқан. Жұрт үйге не кіре, не шыға алмай қалдық деп налиды. Қарағайлы орманда жиылған қар күннің күрт жылынуына байланысты еріп, қалаға лап берген. Көшелердегі көлден жаяу тұрмақ, көліктің қозғалысы да қиындады. Қазір коммуналшылар суды сорғызып жатыр. Олар тасқын зардабын үш күнде жоямыз деп уәде берді. Ал тұрғындар топан судың алдын алуға болар еді деген сенімде.

Нұрмұхаммед Төгісов, Семей қаласының тұрғыны:

-Кезінде қазып алдын бөгеп, бітеп тастады, үстіне үй салды. Су қайда барады?! Түсінікті ғой. Канал ашу керек. Екі машина  шлакпен ол түк те болмайды.