Жезқазғанда жас отбасыларға «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтерлер берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазғанда жас отбасыларға «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтерлер берілді

Жезқазғанда жас отбасыларға «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтерлер берілді

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Жезқазған тұрғындарына «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтерлердің кілтін берді, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

  • 12 Сәуiр 2015
  • 459
Фото - Caravan.kz

72 пәтерлі тұрғын үй жас отбасыларына арналған. Бұрынғы О. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің жатақханасына «Кенстрой» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

«2014 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа 35 екі бөлмелі, 15 үш бөлмелі, жалпы — 50 пәтер сатып алдық, жалпы сомасы 296 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылы тағы 15 пәтер алу үшін  қосымша 95 млн. теңге бөлінді», — деп жазылған хабарламада.

 Аймақ басшысының сөзіне қарағанда,  2015 жылы 316 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. «Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 93 мың шаршы метр салынды», — деді Н. Әбдібеков.


null