«Қағаз бен пластикке арналған жеке қоқыс контейнерлері бірінші болып Хименко,3 мекенжайындағы үй ауласына орнатылды. Шараны «Эко-Север» инвестициялық компаниясы ұйымдастырды. Аталған бағытта қала бойынша жұмысты «Коммун -Север» ЖШС жүргізеді», — делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, жеке қоқыс контейнерлері қағаз бен пластикті кәсіпкерлерге жеткізіп, шығарылатын қоқыс көлемін азайтып қана қоймай, сонымен бірге қалдықтар полигоны аумағында қоқыстың жануын азайтады.
Бұл қоқысты шығару үшін тұрғындар 15 теңге арзан төлейді.