Germanwings ұшағы төтенше хабарлама салдарынан Миланға ұшпай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Germanwings ұшағы төтенше хабарлама салдарынан Миланға ұшпай қалды

Germanwings ұшағы төтенше хабарлама салдарынан Миланға ұшпай қалды

Жексенбі күні Germanwings әуе компаниясының ұшағы Кельн/Бонн әуежайынан ұшпай қалды. Оның себебі - ұшақ бортына бомба қойылғаны туралы хабардың келіп түсуі, деп жазады ТАСС.

  • 13 Сәуiр 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz

Kölner Express газетінің хабарлауынша, 4U826 рейсі Миланға ұшып кетуі тиіс болатын. Бомба туралы хабарлама федералдық полицияға келіп түскен. Әуе диспетчерлері дереу ұшқыштарымен хабарласып, жолаушылар мен экипаж мүшелері ұшақтан шығарылды. Қазіргі кезде құзырлы қызметтер ұшақты тексеруде.


Естеріңізге сала кетейік, Францияның оңтүстік-шығысында 24 наурыз күні апатқа ұшыраған Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 жолаушылар ұшағында 150 адам болған.