Мұндай әрекеттер мидың жұмысын белсендіріп, нейрондардың тіршілік әрекетін сақтайды.
Әрі, шығармашылықпен айналысу жаңа нейрондардың түзілуіне септеседі, деп атап өтті Майо клиникасының маманы Роузбад Робертс.
Шығармашылық еңбектің адамға әсерін тексеру үшін зерттеуге орташа жасы 87 жасты құрайтын 256 адам қатысқан. Зерттеудің басында адамдарда есте сақтау және ойлау қабілеттерінде проблемалар байқалмаған, деп жазды Zee News. Еріктілер қаншалықты шығармашылық үйірмелерге қатысатыны, театрға баратыны және достарымен араласатыны туралы сұрақтарға жауап берген. Сондай-ақ олар ғаламторды пайдаланғанын не пайдаланбағанын, компьютер ойындарына қызыққанын не оларды елемегенін айтты.
4 жылдан кейін 121 адамда орташа деңгейдегі когнитивті ауытқушылықтар байқалған. Алайда шығармашылық үйірмелерге барғандарда бұл көрсеткіш 73%-ға кем болған. Шығармашылық жұмыспен айналысу бұл қатерді 45%-ға, белсенді әлеуметтену — 55%-ға, ал компьютерді пайдалану — 53%-ға кеміткен.