Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
"Сәуірдің 12 күні кешкі сағат 18:00 шамасында Есіл ауданының Калачи ауылында 1988 жылғы әйел мен 2012 жылы туылған қыз бала "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" диагнозымен Есіл аудандық аурханасына түсті", деп көрсетілген хабарламада.
Еске сала кетсек, алғаш рет осыдан екі жыл бұрын басталған "ұйқы ауруының" белгісі осы күнге дейін 168 рет тіркелген екен. Бүгіндері аталған ауылдан барлығы 60 жуық отбасы (150 адам) облыстағы 12 ауданға көшірілген. Қазіргі кезде облыс әкімінің бақылауымен тұрғындарды өзге елді мекендерге көшіру жұмыстары жалғасуда. Дәрігерлер мен осында зерттеу жұмыстарын қолға алған ғалымдар "құпия дерттің" себін анықтай алмай отырған жайы бар.